Қырғызстанда Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында орналасқан 3 ауылда сел жүрді

Қырғызстанда Ыстықкөл мен Чолпон-Атаның солтүстік жағалауындағы үш ауылда сел жүрді, деп хабарлайды «24.kg» агенттігі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ыстықкөлдің солтүстік жағалауындағы сел 17 үйді басып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Чолпон-Атада төрт үйді, Бактуу-Долоноту ауылында тоғыз үйді, Бұлан-Сөгөтте бір үйді және Бостериде үш үйді су басқан.

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Табиғат апат салдарын жою үшін жедел штаб құрылды. Оқиға орнында 100-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді