2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қырғызстанда болған селден екі қазақстандық бала қаза тапты

28 маусым күні Қырғызстанда Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел болып, салдарынан 5 адам қаза тапқан болатын.

Қырғыз ТЖМ

Алматы, NEGE. Қаза тапқандардың арасында жергілікті тұрғындармен қоса шетелдік туристердің де бар екені анықталды.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысында сел кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат жариялады.

Алдын ала мәліметі бойынша, қаза тапқандар арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазір екі баланың мәйіті табылды, тағы екі баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста екені хабарлады. Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі қайтыс болған балалардың туыстарына көмек көрсетуде.