Қырғызстан вирустың мутацияланған түрін күтіп отыр

Биылғы күзде Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясының қатты мутацияланған штамы пайда болатыны күтіледі. Бұл туралы Парламент отырысында Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, эпидемиялогиялық ахуалдың нашарлау ықтималдылығына байланысты қазір төсек орындар мен медицина қызметкерлерін дайындау жүргізілуде.

«Елде қазіргі кезде коронавирус инфекциясының мутацияланған 5 штамы бар. Дегенмен олар аса ауыр жағдай туғызып жатқан жоқ. Сонымен қатар біздің дәрігерлер мен ғалымдар бұл індет ахуалын бақылауда, түрлі конференциялар өткізуде», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде