Қырғызстан президентінің міндетін кім атқарады?
Парламент спикері Қанат Исаев Қырғызстан президентінің міндетін атқаратын болады.
Алматы, NEGE. Елдің конституциясында осылай деп көрсетілген.
13 қазан күні Қанат Исаев парламент депутаттарының дауыс беруімен Жогорку Кенеш төрағасы етіп салынған. Негізгі құжатқа сәйкес, мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаса немесе қайтыс болса, оның өкілеттігі елдегі екінші адамға – Жогорку Кенеш төрағасына беріледі.
Бұған дейін Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін хабарлағанбыз.