Қырғызстан президентінің інісі ұсталды

Бішкектің 1-тергеу изоляторында 32 жасар Ұлан Жапаров қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық іс ҚК-нің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша қозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр", - деп хабарлады редакция.

Бішкектің Первомай аудандық соты У.Ж. есімді азамат сот қаулысымен 26 шілдеге дейін қамауға алынғанын растады.

Редакция дереккөздерінің мәліметінше, Ұлан Жапаров Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.