Қырғызстан президенті Қазақстанға келе жатыр

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен аттанды, - деп хабарлайды Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Жапаров Астанада өтетін "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" көшбасшыларының бірінші кездесуіне қатысып, бірқатар кездесулер өткізетіні хабарланды.

Кешке Қырғызстан президенті Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысады.