Қырғызстан өз азаматтарын елге кіргізбей отыр

Қырғызстан үкіметі өз азаматтарына шетелдік төлқұжатсыз елге кіруге тыйым салды.

Алматы, NEGE. Олар осылайша, ел тұрғындарының коронавирус тіркелген елдерге барған-бармағанын анықтағысы келеді.

Министрлер кабинеті өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шектеу уақытша қабылданған. Қырғызстан азаматтарына Қазақстан, Беларусь және Ресейге шетелдік төлқұжатсыз, ID-карталарымен қатынауына болады.

Алайда, одан әрі өзге елдерге барса, бұл сапары карталарында тіркелмейді.

Азия және Еуропа елдерінде вирус тез тарала бастағаннан кейін Қырғызстан үкіметі елге оралатын тұрғындарының бақылауын күшейтуді ұйғарды. Өйткені екі апталық карантиннен құтылу үшін вирус өршіп тұрған елдерде болғанын жасыруы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады