3 июня 2022 г. 16:58

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

Фото:

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды.

Алматы, NEGE.  Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, атыс бүгін, 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған.

"Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды", - деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері.

Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екені нақтыланды. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қырғыз-тәжік учаскесінде шекара бөлімшелері арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр, деді Қырғызстан шекара қызметі өкілдері.

Тегтер: