11 июня 2023 г. 14:18

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында көлік жарылды

Фото:

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында көлік өртеніп, кейін жарылып кетті. Бұл туралы  24 kg сайты жазды.

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша,   "Ақ-Тілек" өткізу бекетінің маңында тұрған Lexus LX 470 көлігі белгісіз себептермен өртеніп кетті. Жалынды дер кезінде ауыздықтай алмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы  сағат 15:37-де хабарланғае. Сағат 15:55-те өрт оқшауланып, 16:34-те толығымен сөндірілді.

Жарылыс салдарынан Lexus LX 470 көлігі мен үш ағаш өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Тегтер: