Қырғызстан тағы да гуманитарлық көмек жіберді

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтілгенін мәлімдеді. 

ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Бұл туралы 24kg хабарлады. Басылым мәліметінше, гуманитарлық жүкке қырғызстандық сүт өнімдері тиелген. Атап айтқанда, олар – 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.

Жүкті жинауға қырғызстандық тұрғындар көмектесті, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді, – деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетсек, сәуір айының басында Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық жүк келген болатын. Жамбыл облысына 300 тонна жүк тиеген 15 жүк көлігі жетіп, көмек Қазақстанның 4 облысына бөлінген еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты