Қырғызстан мигранттар құқығына байланысты Ресейді сотқа берді

Қырғызстан Ресейдің еңбек мигранттары жөніндегі келісімді орындамауына байланысты ЕАЭО сотына талап арыз түсірді.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл туралы 27 қаңтарда Жогорку Кенеш отырысында Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы Азамат Муканов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

Комитет мүшелері Ресей Федерациясындағы еңбек мигранттарын медициналық көмек алу үшін сақтандыру полистерін беру арқылы қолдау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын сұрағанда, Азамат Муканов бұл мәселе бойынша Қырғыз Республикасы ЕАЭО сотына жүгінгенін айтты.

Оның айтуынша, ЕАЭО-ға мүше бес ел арасында еңбек мигранттарына қатысты келісім бар. Алайда бүгінгі таңда Ресей тарапы осы келісімнің 96–97-баптарын бұзып, еңбек мигранттарының отбасы мүшелеріне міндетті медициналық сақтандыру полистерін беруден бас тартқан.

«Қырғыз Республикасы ЕАЭО сотына жүгінді, қазіргі уақытта іс қаралып жатыр. Шешім екі апта ішінде шығарылады», – дейді Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы.

Ол Ресейдің вице-премьері Алексей Оверчуктің Қырғызстанға сапары кезінде де осы мәселенің көтерілгенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты