Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов қаңтар оқиғасына байланысты Қазақстанға тергеуге шақырылды

Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Алматыға тергеуге шақырылды. Бұл туралы қырғызстандық әншінің өзі Instagram желісінде хабарлады.

Алматы, NEGE. 

Рузахунов алдымен барудан бас тартқанын атап өтті, өйткені басынан өткен ауыртпалық пен қорқыныштары әлі көз алдында.

"Менің адвокатым Нұрбек Тоқтакунов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тергеушісіне өздері келуін ұсынды. Алайда олар тергеу үшін ұсталған жерді, мені алып кеткен ғимаратты, камераны көрсетуім маңызды екенін айтты. Мен отырған камералар мен мені азаптаған адамдар жайлы жауап алмақ", - деп жазды Викрам Рузахунов.

Музыкантпен бірге оның адвокаты келеді. Ол құзырлы органдарға өтінішпен жүгінгенін және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен қауіпсіздікке кепілдік беруді сұрағанын айтты.

Рузахунов сондай-ақ күдіктілердің белгілі бір тобы анықталған жағдайда ғана Қазақстанға баратынын атап өтті. Олай болмаған жағдайда тергеушілер өздері келіп жауап ала алатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?