Қырғыз бен тәжік арасында жер дауы ушығып тұр

Қырғыз СІМ-і Тәжікстан елшісі Назирмаду Ализодаға нота жолдады. Оған Тәжікстанның Соғды облысының ІІБ бастығы, милиция генерал-майоры Абдулло Навджувоновтың мәлімдемесі түрткі болып отыр.

Алматы. NEGE. «Тарихқа сүйенсек, Баткен ешқашан қырғыз жері болған емес, Менің ата-бабаларым қырғыздарды әкеліп жер берген. Бүгін бұл бізге үлкен мәселе тудырып отыр», – деген еді Абдулло Навджувонов. Баткен облысы Қырғызстанның аумағында орналасқан. Бішкек мұнысын арандатушылық деп бағалады.  Қырғыз СІМ-інің пікірінше, құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай мәлімдеме жасамауы керек, керісінше арандатушылық әрекеттер мен мәлімдемелерге тосқауыл қоюы тиіс.