Кинотеатрлар жұмысын бастайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Ведомствоаралық комиссияның шешімімен:

І. Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі - 2020 жылғы 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады;

- Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өткізіледі;

- шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.

II. ПТР-тестілеу 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР өңірлеріндегі зертханаларда ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

III. Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл» өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жандандырылады;

- 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды;

- биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

IV. Шектеу шараларын сақтау Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады;

- облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.