Кино өндірісі саласындағы бизнес-үдерістерді жеңілдету үшін e-Kino ақпараттық жүйесі әзірленді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында елімізде кино өндірісі саласындағы бизнес-үдерістер автоматтандырылып жатқанын хабарлады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Ол бүгінгі таңда кино өндірісі бірқатар жүйелі мәселелерге, соның ішінде басы артық қағаз құжат айналымына, мемлекеттік қолдауды бөлуде цифрлық құралдардың болмауына және кассалық түсімдердің бұрмалану қаупіне тап болғанын атап өтті. Бұл фильмдердің кешігуіне, шешім қабылдаудағы субъективтілікке және қаржылық шығындарға әкеледі.

«Осы мәселені шешу мақсатында e-Kino ақпараттық жүйесі әзірленді, ол үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз етуі, бюрократиялық кедергілерді болдырмауы және AI және Big Data арқылы шешімдердің субъективтілігін барынша азайтуы тиіс. Сондай-ақ билет қызметтерімен интеграциялау көлеңкелі айналымды жояды, ал цифрлық экожүйе, соның ішінде стриминг платформалары мен краудфандинг, киноиндустрияның ашықтығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жаңа қаржылық мүмкіндіктер жасайды», – атап өтті Жаслан Мәдиев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді