Кинематографистер үйі қаншаға сатылады?

Алматыда

ғы кинематографистер үйі сатылымға қойылды. Ашық дереккөзге сүйенсек, ауданы 1 400 шаршы метр үйдің құны – 900 миллион теңге.

Алматы, NEGE. Ғимарат 1941 жылы салынған. Бастапқыда үй Абай атындағы ҚазПИ-тің профессор-оқытушыларына берілген. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл үйге кино қайраткерлері қоныс аударған. Кино майталмандарының иелігінде тек сегіз пәтер болды.  

Үйдің сәулеттік құрылысы ұзақ уақыт сақталған. Дегенмен де аталған нысан 2000-жылдардың басында қайта жөндеу жұмыстарынан өткен.

Тарихи нысан жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Ғимаратта бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар өрт дабылы мен тәулік бойы жұмыс істейтін күзет бар.