6 октября 2022 г. 14:50
Қымбат мүлік иелері бұдан былай сән-салтанат салығын төлейді
Елде құны 100 миллион теңгеден асатын қымбат мүлік иелері бұдан былай сән-салтанат салығын төлейді. Қазір
еліміздегі олардың саны – 720.
Алматы, NEGE. Осынша азаматтан жылжымайтын мүлікке 610 миллион теңге салық өндірілген. Бұл жөніндегі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Сән-салтанат салығына қатысты берешек бай-бағланның дені Алматы, Астана және Шымкент қалаларында, делінген комитет мәліметінде. Ал былтыр 4 миллионға жуық жеке тұлғаға 15 млрд теңге сомасында мүлік салығы салынған.