Қымбат көліктермен дрифт ұйымдастырған жазаға тартылады

Алматы полициясы жастардың түнгі уақыттағы ойын-сауықтарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Ұялы телефонға түсірілген бейнежазба kris_p_almaty Instagram парақшасында пайда болды. Онда жастардың арнайы костюмдер киіп алып билеп жүргендерін көруге болады. Сонымен қатар, қымбат көліктермен дрифт ұйымдастырған. Болжам бойынша видео жанармай құю бекеті мен көлік тұрақтарының бірінде түсірілген. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы видеоға түскендердің әрқайсысын анықтайтындарын жеткізді. «Полиция олардың әрқайсысына, соның ішінде көлік жүргізушілерінің әрекеттеріне құқықтық баға береді. Бұл іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (түнде тыныштықты бұзу) бабы бойынша қаралуы мүмкін. Әр жағдайды жеке-жеке қарайтын боламыз. Заңға сәйкес олардың әрқайсысы жауап береді», - деді полиция өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді