Ким Чен Ын өз халқын соғысқа дайындап жатыр
Солтүстік Корея билігі жергілікті «Минчжу чосон» басылымы арқылы кәріс халқын «америкалық санкцияларға қарсы қанды қырғынға» шақырды.
Алматы, NEGE. Басылымда жарық көрген мақала кәріс халқын «қиыншылықтан ілгерібасуға» шақырумен басталып, «қиыншылықтарды өз күшімен жеңуге, алынбас қамалдың қабырғасын тесіп өтіп, жанған отқа тіке секіруге» үндеумен жалғасқан.
«Қарсы күштердің біздің елімізді дамытпас үшін және одан әрі өмір сүргізпес үшін салып отырған өлім санкциясы мен қаскөйлігіне қарсы өмір үшін емес, өлім үшін болатын қанды қырғынға дайын болыңыздар», – делінген басылымның сейсенбілік санында.
Мақала авторы «Американың Корей халықтық демократиялық республикасына салып отырған санкциялары өзінің шарықтау шегіне жетті» деп жазады, КХДР басшысының сөзіне сілтеме жасай отырып.