Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің денсаулығына алаңдаулы екенін айтты

КХДР басшысы Ким Чен Ын коронавирусқа байланысты Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Инуға хат жолдады.

Алматы, NEGE.  Хатта қолдау білдіріп, ізгі тілегін жеткізген. 

«Мен Оңстүстік Корея індетті жеңе алады, деп сенемін», деген Ким Чен Ынның хатын брифингте Оңтүстік Корея президентінің өкілі Юн До Хан оқып берді.

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің денсаулығына алаңдайтынын да хатта жазған. Бірақ ешқандай көмек көрсете алмайтынын өкінішпен жеткізген.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 766 адамға жетіп, 35 адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?