Ким Чен Ын оқ өтпейтін пойызымен Ресейге келді

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын оқ өтпейтін пойызымен Ресейге келді. Ол «Восточный» ғарыш айлағында Владимир Путинмен кездесті. Ким Чен Ын мен Путиннің кездесуінің видеосы Кремльдің Telegram-дағы ресми каналында жарияланды.

Алматы, NEGE. Ким Чен Ын Ресейге Путиннің шақырутымен келген. 

Кремльдің хабарлауы бойынша, сапар барысында Владимир Путин Ким Чен Ынмен жеке және кеңейтілген құраммен келіссөз жүргізеді. Оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу да қатысады.

Бұл сапарға Ким Чен Ынмен бірге Сыртқы істер министрі Чхве Сон Хи, Корея Еңбек партиясы ОК әскери басқарма бөлімшесінің басшысы Пак Чон Чхон, Орталық әскери комитет басшысының орынбасары Ли Бён Чхоль келген.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті