Ким Чен Ын комада жатыр ма?

Оңтүстіккореялық дипломат Чанг Сон Мин Ким Чен Ын комада екенін және оның орнына әпкесі келетінін айтты, - деп жазады Daily Mail.

Алматы, NEGE. Дипломаттың Оңтүстік Кореяның марқұм президенті Ким Дэ Чжунның көмекшісі болып жұмыс істегені айтылады. Ол КХДР билігі көшбасшысының денсаулығының нашарлауы туралы шындықты жасырады дейді.

"Менің ойымша, ол комада жатыр, бірақ қайтыс болған жоқ", - деді Чанг Сон Мин. 

Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тарда Ким Чен Ынның халық алдына шықпай, көрінбей кеткені бірнеше рет жазылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты