Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары ауысты
Қазақстанның алты облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) басшылары ауысты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Алты облыста басшылар тағайындалды: Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Шамшиев Алмас Абжанұлы; Алматы облысы бойынша – әділет полковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы; Алматы қаласы бойынша – әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы; Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ізтлеуов Азамат Әбдіғалиұлы; Қарағанды облысы бойынша – әділет полковнигі Тәкешев Ғазиз Әбікенұлы; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ахметжанов Рүстан Серікұлы», - делінген хабарламада.
ҚАЖД атап өткендей, тағайындалған басшылар бұған дейін облыстардың Қылмыстық атқару-жүйелерінде басшылық қызметтер атқарған және пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибеге ие.