Қылмыстық кодекстің жаңа баптары жұмыс істей бастады

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекске жуырда ғана енгізілген кейбір баптар бойынша алғашқы күдіктілер ұсталды.

Алматы, NEGE. Соңғы уақытта әр-әр жерде граффити-жазулар пайда болып, сол арқылы есірткіні жарнамалаушылар көбейіп кеткен. «Қылмыстық заңға өзгеріс енгізілгеннен кейінгі алғашқы аптада есірткіні жарнамалау және насихаттау бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 15 қаңтарда Қарағандыда полиция қызметкерлері есірткі жарнамасын жапсырып жүрген екі тұрғынды ұстады. Екеуі де наркологиялық диспансерде есепте тұратын болып шықты» дейді ІІМ баспасөз қызметі.

17 қаңтарда күдіктілер Алматыда да ұсталған. Есірткі притонын тексергенде қабырғаға граффити-жазу жазатын трафареттер табылған. Ол есірткі жарнамалайтын интернет-сілтеме болып шығыпты.

Естеріңізде болса, Қылмыстық кодекске 299-1 бабы (есірткі заңсыз жарнамалау және насихаттау) енгізіліп, бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды