Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты
«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады УЕФА.
Алматы, NEGE. Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы мюнхендік «Баварияға» қарсы матчта (3:2) франциялық ойыншы дубль жасады. Осылайша, Мбаппе Чемпиондар лигасы 1/8 және 1/4 финалының сырт алаңдағы ойында бес гол салған бірінші футболшы болып отыр. Чемпиондар лигасындағы ПСЖ – «Бавария» командаларының қарымта кездесуі 13 сәуірде Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтеді.