«Қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым» – Орал қаласының әкімі қызметінен кетті

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді. Айтуынша, денсаулығына байланысты қызметінен кету туралы бұрын ойлап жүрген, алайда су тасқыны кезінде жұмыстан шыға алмаған. 

«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс ісдедік деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге 2 жыл бойы сүйікті қаламызды одан ары көркейтуге тырыстық. Бұл – туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі. Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі өңірдегі жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін», - деп жазды Сатқанов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді