Киіктерге қамқорлық керек

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктерді қорғау мен олардың жағдайын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Себебі соңғы уақытта Қарағанды және Ақмола облыстарының елді мекендері мен автомобиль жолдарының маңында ақбөкен жиі байқала бастады. Олардың ішінде әлсіреп қалған мүйізді киік (еркек) көп. Бұл 2020 жылдың желтоқсан айында өткен күйек кезеңінің салдары. Бұдан бөлек қалың жауған қар мен күннің күрт суытып, ауа температурасының соңғы 5-6 күнде - 40 градусқа дейін төмендеуі де ақбөкеннің жағдайына әсерін тигізіп жатыр. Аталған факторлар киіктердің тіршілігін, азықтандырылуын қиындатып, өміріне қауіп төндіріп жатыр. Жыл басынан бері 14 киік өлімі тіркелді», делінген хабарламада.

Комитеттің мәлімдеуінше, мұндай жағдайда браконьерлер пайдаланып кетуі мүмкін. Осыған байланысты ведомство әлсіреген киіктерді азықтандыруды көздейтін биотехникалық іс-шараларды да жүргізіп жатыр.

«Азаматтарға әлсіреген жабайы жануарларды байқаған жағдайда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне мына нөмір бойынша 8 777-678-52-52 немесе «Охотзоопром» ӨБ-ге (8 775-569-92-21) хабарлауды, оларға қамқорлықпен қарауды сұраймыз», делінген үндеуде.

Еске салайық, Қазақстанда киіктердің Орал, Бетпақдала және Үстірт популяциясы мекендейді. 2019 жылғы есеп бойынша киік саны 334 мыңға жетті. 2020 жылдың көктемінде енгізілген шектеуге байланысты есеп жүргізілген жоқ. Алайда 2020 жылғы киік төлінің көп болғанын ескере отырып, бүгінгі күні олардың саны 450 мыңнан асты деп болжанады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?