26 июня 2023 г. 18:40

Киік атқан браконьер ұсталды

Фото:

2023 жылғы 23 маусымда «Сапсан» жедел тобы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары кезекті рейд барысында Қорғалжын қорығының аумағына іргелес Қызылкөл көлінің жанынан «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Экология министрлігі. 

Алматы, NEGE. Автокөлік жүргізушісінің Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғыны екені анықталды. Көлікті тінту барысында салоннан киік ұшасының бөліктері табылды. Оқиға орнына бірден  Қорғалжын ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.

Аталған факт СДТТБТ-де тіркеліп, тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Тегтер: