Киевке әскер жақындап қалды
Ресейлік әскерилер Киевтен 25 шақырымдай жерде шоғырланған.
Алматы, NEGE. Мұны америкалық жекеменшік компанияның жерсерігі түсірген суреттері көрсетті. Мәліметтерге қарағанда, қаладан 25 шақырымдай жерде орналасқан Антонов әуежайы маңында танк, брондалған көліктер және зеңбіректерден тұратын керуен Киевке қарай бет алып бара жатқаны бейнеленген. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы күндері Украина әскері қалаға енбек болған қарсылас тараптың күштерін шаһардың шетінен ығыстырған. Қолына қару алып жатқан адамдар көп. Кеше бомбалау сәл саябырлағаны да айтылады.