2 сентября 2020 г. 14:02

Қыдырәлі Болмановтың алтыншы баласы дүниеге келді

Болмановтар шаңырағында қуанышты хабар. 

Өнер иесі келіншегінің өмірге қыз әкелгенін жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады. 

Алматы, NEGE. "Сүйінші, сүйінші Қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді... Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, Қазақ елі! Қуанышты бөліссең көбейеді деген... Перзент сұрап жүрген жандарға құдіретті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!", - деп жазды әнші. 

Сондай-ақ жаңа босанған Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында сәбиінің аман-есен өмірге келуіне атсалысқан ақ халаттыларға алғысын айтты.

"Берекелі күз келді. Күзбен бірге дүниеге қыз келді...Бау-бақшамыз жайқалып, ел еккен егінінің жемісін көріп жатқанда алпыс екі тамырымды иітіп, маңдайында жұлдызы бар жұп-жұмыр жүрек соғып жатыр жанымда. Аллаға шүкір. Құдай бересалғандардың аман-есен іңгәләуіна үлес қосқан ақ халатты абзал жандар, соның ішінде соңғы үш құлыншағымның кіндік анасындай болған Ләззат Лаулекқызына айтар алғысым шексіз және алғысым өзімнің Жаукама бөпемнің кіндік анасына. Осындай жақсы жандарға Алла разы болсын!", - деп жазды әнші инстаграм парақшасында.

Тегтер: