7 февраля 2020 г. 19:12

Киану Ривз «Матрицаның» төртінші бөлімінде ойнайды

Фото:

Әлеуметтік желілерде актер Киану Ривз бен режиссер Лана Вачовскидің «Матрица» фильмінің төртінші бөлімін түсіру барысындағы суреттері пайда болды.

Алматы, NEGE. Сан-Франциско көшелерінің біріндегі түсірілімге тап болған кездейсоқ жандар режиссер Лана Вачовски мен актер Киану Ривзді сырттарынан суретке түсіріп алған.

Қырынбаған әрі көрерменнің көзі үйренген қара көзәйнегі жоқ Киану Ривздің болмысына қарап, көрермендер жаңа «Матрицада» Киану кімнің рөлін сомдайды деген сауалға бастарын қатыруда.

2019 жылдың қазан айында Variety басылымы Warner Bros. студиясының жаңа фильмде жас Томас Андерсонды сомдайтын актер іздеп жатқаны туралы хабарлаған еді. Жаңа кинода өзінің болашақ тағдырынан хабарсыз жас Нео мен оның кейінгі өмірі қатар көрсетіледі деген сөз бар.

Әлемге кең танымал трилогияда басты антагонист жау – агент Смиттің рөлін сомдаған британдық актер Хьюго Уивинг уақытының тығыздығына байланысты жаңа жобаға түспейтін болған.

Тегтер: