24 сентября 2025 г. 14:43

Kia сенімділік бойынша ТОП-10 қатарына кірді: 2025 жылы корейлік автокөлік алған жөн бе?

Фото: ғаламтордан

Consumer Reports жаңа Kia модельдерін сенімділігі жоғары үздіктердің қатарына қосты.

Kia бұрынғы күмәнді бренд «атағынан» баяғыда-ақ арылған. Бүгінде сарапшылар оны әлемдік нарықтағы тұрақты ойыншылардың бірі санайды.

Consumer Reports-тың соңғы есебіне сәйкес, бұл бренд жаңа көліктердің сенімділігі бойынша үздік ондыққа нық орнықты. Техникалық қызмет көрсету құны мен иелерінің қанағаттану деңгейі тұрғысынан корейлік марка танымал көшбасшылар — Toyota, Lexus және Subaru-мен қатар тұр.

Екінші нарықта Kia көрсеткіштері әзірге сәл төмен, себебі қазіргі модельдер әлі де жаңа. Дегенмен, сарапшылар уақыт өте келе сенім артады деп болжайды. Бұны өзге деректер де растайды. Мысалы, J.D. Power Kia K4 седанына сапа мен сенімділік бойынша 100 балдың 89-ын берді, ал Sportage пен Carnival кроссоверлері 80-нен жоғары ұпай алды. RepairPal брендке 5 жұлдыздың 4-еуін беріп, 32 марканың ішінде үшінші орынға қойды. Сондай-ақ орташа жөндеу құнын 474 доллар деп бағалады. Бұл саладағы орташа көрсеткіштен шамамен 200 долларға төмен.

Бұрын Kia-ны бағасы мен дизайны үшін таңдаса, енді «сенімділік» факторының да маңызы арта бастады. 2025 жылы баға, сапа және қызмет көрсету шығындарының оңтайлы теңгерімін іздегендер үшін корейлік бренд шын мәнінде ақылға қонымды таңдау болып отыр.

Тегтер: