Кейбір қазақстандықтардың несиесі есептен шығарылуы мүмкін

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қизатов ақпанда несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы заң күшіне енгенін еске салды. Қазіргі уақытта бұл құқықты 385 мың қазақстандық пайдаланған.

"Біз банктер мен микроқаржы ұйымдарының осы нормаларды орындаудағы жауапкершілігін қосымша қарастырдық, егер олар несие алудан бас тартқан тұлғаларға несие берген болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары осы қарыздарды есептен шығаруға және кредиттік бюро жүйесінде аталған тұлғаларға қатысты теріс несие тарихын алып тастауға міндетті", - деді ОКҚ брифингінде агенттік төрағасының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді