11 ноября 2021 г. 17:21

Кетпен ауылындағы Мәдениет үйіне Сәдіқожа Мошанұлының есімі берілді

Фото:

"Сарыбидай" әнінің авторы Сәдіқожа аты Кетпен ауылдық мәдениет үйіне берілді.

Алматы, NEGE. Екі жыл бұрын әйгілі әнші-сазгер, айтыскер ақын Садықожа Мошанұлының 100 жылдығы кең көлемде атап өтілген болатын. 

Күллі қазақтың жүрегінен орын алған "Сары бидай" әнінің авторына сол жылы  Кетпен ауылдық мәдениет үйінің ауласынан ескерткіш орнатылған. 

Бақыт Беделханның "Сарыбидай" драмасымен сарайдың салтанатты ашылу рәсімі болды. Оған «Қарадала» халық театры қойылым дайындады. 

Бүгінде Сәдіқожа Мошанұлының әндері ел аумағында ғана емес, қазақтар мекендеген алыс-жақын шетелдерге де кеңінен таралып кеткен.

Оның:

Біздің ауыл Кетпеннің  етегінде,

Ерте шықсам ауылыңа жетемін бе?

Сары бидай, Сағындым, қалқа, даусыңды-ай, – деп басталатын сырлы саздан өрілген, жан тебіренте шырқалатын әнін білмейтін жан кемде-кем шығар?!

Қасиетті Қарадала топырағынан туған тарландардың, бірі де бірегейі болған Сәдіқожа Мошанұлы 1917 жылы Кетпен ауылында дүниеге келген. Аумалы-төкпелі қиын ашаршылық заманында елмен бірге туған жерін тастап, бас сауғалаған. Сол көшпен бірге кеткен Сәдіқожа Қытай елінде жүріп, талай қиыншылықты бастан өткерген. Көзі көрген жандардың айтуынша, ән өнеріне деген оның асқақ сезімі, жырға деген әуестігі, жастайынан қалыптасқан.

Қысқа ғана ғұмырында сазгер (29 жасында бақилық болған) ақындар айтысында ғана емес, ән мен жыр додасында да жарқырап халықтың ыстық ықыласына бөленген. Жарты ғасырға жуық естілмеген Сәдіқожа әндері 1960 жылдары Қытайдағы ағайындардың алғашқы легі туған жерге орала бастаған кезде халқымен қайта қауышты. Оның кейбір шығармалары бұған дейін халық әні деп те орындалып жүрді.

Тегтер: