Кешірім сұрады: Итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылды

Атырау облыстық полиция департаменті итті тоңазытқыш есігімен тұншықтырып қорлаған Еркінқала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Алматы, NEGE. Ер адам жасаған ісіне өкінетінін айтып, әлеуметтік желіде көпшіліктен кешірім сұраған деп хабарлайды Ақ Жайық газеті.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 маусымда ветеринарлық емхана иттің дене жарақаты жоқ деген қорытынды шығарған.

"Екінші сараптама тағайындалып, 5 маусымда ол да сондай қорытынды жасады. Осының негізінде ҚР ҚПК 35-бабына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды", - деді полиция.

Басылым мәліметінше, жыл басынан бері Атырау облысында қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша ("Жануарларға қатыгездік жасау") 7 қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде маусым айының басында итті қорлауға байланысты видео тараған болатын. Онда ер адамның итті тұншықтырғаны көрініс тапқан. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді