Кеше – өрт, бүгін – бұршақ…

Бірнеше күнгі құмды дауылдан кейін Австралияның оңтүстік-шығысында гольф добының көлеміндей бұршақ жауды. Бұл туралы бүгін «The Guardian» газеті метеорологтарға сілтеме жасап хабарлады.

Алматы, NEGE. Ірі бұршақ Канберра аймағында тұратын жұртшылықты қатты үрейлендірген. Австралия астанасында да ғимараттар мен көліктерге зақым келген. Тіпті Парламент ғимараты бүлінген.

Дауылға байланысты елдің төтенше жағдайлар қызметіне 1,2 мыңнан астам қоңырау түскен. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылған.

Естеріңізге сала кетейік, Австралияда мұндай ірі бұршақтар жиі жауады. Мәселен 2018 жылы қазан айында түскен «тас бұршақтан» 400 кенгуру өлген еді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін