Кенжеболат Жолдыбай өмірден озды
Саясаттанушы, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат Жолдыбай өмірден озды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқарасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы facebook парақшасында жазды.
«Кенжеболат Жолдыбай ағамның да дәм-тұзы таусылыпты. Мұндайда не жазарыңды білмейсің... Кенже-аға, бақұл болыңыз. Осы өмірде жасаған ізгі істеріңіз өзіңізге серік болғай. Ол Діни басқарманың игі бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп, жанашыр болып жүруші еді. Алла алдыңнан жарылқасын, Жақсы аға. Мен Сізді жақсы көруші ем... Енді рухыңызға Құран бағыштап, дұға жасаудан басқа амалым жоқ», - деп жазды ол.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та қаралы хабармен facebook арқылы бөлісті.
«Кенжеболат Жолдыбай ағамыз мәңгілік сапарға аттаныпты. Терең, тұңғиық, адамгершілігі, рухани әлемі мол азамат еді. Иманды болсын!», - деді Мәжіліс депутаты.