Кенжебек Жанәбілов төртінші рет әке атанды

«МузАрт» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов әке атанды.

Қасиетті жұма күні әншінің жары торсықтай ұлды дүниеге әкелді. Жанәбіловтер отбасындағы қуанышты жаңалықты Кенжебек мырза әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.  

«Сүйінші ағайын! Жұма күні ұл сыйлағаныңа сансыз шүкір Раббым! Алладан басқа жоқ тәңір», - деп қуанышты жаңалығын көппен бөлісті. Бүгінде көпбалалы әнші атанған Кенжебек төрт баланың әкесі. Жарық дүние есігін енді ашқан сәби өнер иесінің екінші қамшы ұстары.

Айта кетейік,  бірнеше уақыт бұрын Жанәбілов жанұясымен Еуропа елдерін аралап, Швейцария, Франция және Италия мемлекеттеріне саяхаттап келді.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады