13 октября 2022 г. 9:47

Кентаудағы кафеде жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото:

Түркістан облысындағы Кентау қаласында орын тепкен кафеден жаппай улану оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, NEGE. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.

«Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауаптар алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізу үшін жұмыстар атқарылуда. Дәмхананың барлық тағам түрлері алынып, зерттеуге жіберілді. Аталмыш тамақтану орнындағы қызметкерлердің бірқатарында медициналық кітапша болмай шықты», - деп жазды ведомство.

Қазіргі уақытта белгілі болғаны, Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 тұрғын ем қабылдауда. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: