Кентауда жоғалып кеткен екі кішкентай бала ұйықтап жатқан жерінен табылды

Түркістан облысында екі кішкентай бала ойнап жүрген жерінде ұйықтап қалған. Ағайынды екі баланы полиция қызметкерлері іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Кентау қалалық полиция бөліміне түнгі уақытта жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 3 және 7 жасар ұлдарын таба алмай жатқанын айтып, көмек сұрады.

Тұрғынның айтуынша, ұлдары сағат 17:00 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, алайда кеш батса да қайтып келмеген. Жақындары бірнеше сағат өздері іздеп таба алмаған.

Оқиға кәмелет жасына толмаған балалардың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, кентаулық полиция қызметкерлері іздеу шараларына жұмылдырылды. Полиция бірден олардың баруы мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Аулаларды аралап, көрген-білгендерден сұрастырды.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жоғалған кішкентай ағайын екі бала таңғы сағат 05:30-да оқиға орнынан 1 шақырым қашықтық шамасындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы отырғышта ұйықтап жатқан жерінен табылды. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді