«Кеңқияқ-Атырау» жобасының бірінші кешені пайдалануға берілді

«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» (ҚТО) АҚ баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Н. Шманов атындағы МАС-та «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсі жобасының бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді», - делінген бейсенбідегі Қазақстан қор биржасы сайтындағы (KASE) ҚТО хабарында.
Ақпарға сәйкес, бірінші іске қосу кешені шеңберінде Н. Шманов атындағы МАС-тан «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына дейін екі желілік тұйықтағыш құрылысы, сондай-ақ мұнай құбырының желілік бөлігін реконструкциялау аяқталды.
Объектінің пайдалануға берілуі реверстік бағытта ай сайынғы мұнай айдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты жүктеуді және Қытайға қазақстандық мұнай экспортын қамтамасыз етеді.
Құрылысты 2020 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Реверс жобасы Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесін салудың және дамытудың бірден бір кезеңі болып табылады. Реверс аяқталғаннан кейін еліміздің мұнай өңдеу зауыттарымен: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен, Павлодар мұнай-химия зауытымен және экспорттық бағыттармен («Атасу-Алашанькоу» м/қ бойынша, Шағыр МҚП-да т/ж цистерналарына құю) көбірек батыс қазақстандық кен орындарын байланыстыруға мүмкіндік туады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды