Кенияның төрт спортшысы Қазақстан азаматтығын алды

Төрт кениялық спортшы ел намысын халықаралық деңгейде таныту үшін Қазақстан азаматтығын алды.

Алматы, NEGE. "Нора Джеруто, Дейзи Джепкемей, Шадрак Коеч және Кэролайн Чепкоеч Қазақстан азаматтығын алды. Енді олар халықаралық турнирлерде осы елдің намысын қорғайды. Әу баста Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы азаматтық ауыстыруға рұқсат бермеген еді. Бірақ енді төртеуі де әлемдегі жер көлемі бойынша тоғызыншы сатыда тұрған елдің намысын қорғай алады", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Дейзи Джепкемей жастар арасында әлем чемпионатында 3000 метрге алтыын жүлде жеңіп алған. Қалған үш жеңіл атлет те түрлі халықаралық деңгейлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінген.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды