Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі қамалды

Қырғызстанның арнайы қызметі әнші Қайрат Примбердиевті ұстады, деп хабарлайды 24.kg.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Нәсілдік, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру шаралары аясында Қырғыз Республикасының азаматы 1985 жылы туған П.К.Т. ұсталды. Ол «Айран — Ютуб» арнасында сөйлеген сөзінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған. Қайрат Примбердиевке қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада. 

Қазіргі уақытта тиісті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.

Еске салайық, 2025 жылдың қаңтар айының басында қазақстандық «Айран Медиа» жобасы қырғыз-қазақ қарым-қатынасына арнайы шығарылым арнаған болатын. Бағдарламада қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев сұхбат берген еді. Ол бағдарлама барысында қырғыздың Ормон ханы қазақтың ханы Кенесарының басын алғаны үшін қазақтардан өз атынан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған