Кеңес Рақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

Бүгін бірқатар телеграм-каналдар бизнесмен Кеңес Рақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Nege.kz тілшісі мұның анық-қанығын Бас прокуратураның баспасөз қызметінен сұрап білді.

Алматы, NEGE. Бүгін бірқатар телеграм-каналдар бизнесмен Кеңес Рақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Nege.kz тілшісі мұның анық-қанығын Бас прокуратураның баспасөз қызметінен сұрап білді.

«Ақпарат көзінің хабарлауынша, Кеңес Рақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оның айтуынша, осы аптада оған іздеу жарияланады», – деп жазды ABZHAN NEWS телеграм-арнасы.

Nege.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласып, К.Рақышевқа қатысты делінген қылмыстық істің жай-жапсарын сұрады. Алайда Бас прокуратураның баспасөз қызметі «ондай ақпарат жоқ екенін» мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр