Кеңес – кеңесші

Кеңес Рақышев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. «Бұл ақпаратты СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров растады» деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алматы, NEGE. «Кеңес Рақышев министрге ерікті түрде инвестиция тарту жөнінен кеңес беріп отырады. Штаттан тыс кеңесші болғандықтан, жалақы алмайды. Ол – әлем бойынша іскерлік байланыстары бар ірі бизнесмен» дейді А.Смадияров.

Кеңес Рақышев – ірі бизнесмен ғана емес, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы.

К.Рақышев өткен айда ғана Қазақстан бокс федерациясының президенті болып тағайындалды.   

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ