Кемеде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Жапония үкіметі Иокогамада карантинде тұрған криуз кемесіндегі созылмалы ауруы бар қарт адамдардың сараптама нәтижелерін кұтуде.  Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, кемедегі тағы 44 адамнан індет анықталды. Жапонияда коронавируспен тіркелген 247 адамның 218-і круиз кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Жапония Денсаулық сақтау министрі Като Кацунобудың айтуынша, Diamond Princess лайнеріндегі 80 жастағы және одан да үлкен 200-ге жуық жолаушы жұма күні денсаулығы мен қалауына байланысты кемеден шыға алады. Ал денсаулығында кінәрат бар адамдар толық тексерістен өткен. Кемеден кетуге рұқсат етілген тұрғындар ортаны оқшауландыру аяқталғанға дейін үкімет дайындаған жерге қоныстанады. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды