Келісіміміз бар: Бас прокуратура қашқын генерал Серік Күдебаевты Түркиядан іздеп жатыр
Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, істі Бас прокуратура өз бақылауына алды. Іздестіру жұмыстарына ең тәжірибелі қызметкерлер қосылды. Түркиямен келісіміміз бар, қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Біз барлық ақпаратты айта алмаймыз, ол қашып жүргендіктен, бұл тергеуге зиянын тигізуі мүмкін», - деді Жандос Өміралиев.