Келесі аптада Тоқаевтың Францияға ресми сапары жоспарланған

29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.