«Келешек мектебі»: Әр балаға тең мүмкіндік беретін жаңа білім ордасы

Президенттің тапсырмасымен «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған жаңа білім ордалары оқыту бағдарламасының ерекшеліктері және заманауи жабдықталуы жағынан бала үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеуде, оқушыларды жан-жақты дамытуға жағдай жасайтын инновациялық орта құрудағы маңызды қадам болды. 

gov.kz

Солардың бірі — Астана қаласындағы №116 Келешек мектебі. 

Мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізілген цифрлық және шығармашылық шешімдер, заманауи үйірмелер мен қосымша білім беру бағыттарының баланы жан-жақты дамытудағы ықпалы зор.

«Келешек» мектебі елімізде енгізіліп жатқан жаңа форматтағы инновациялық білім беру ұйымдарының қатарына жатады. Жаңа оқу жылында өз жұмысын бастаған мектепте бүгінде 2877 оқушы білім алуда, оларға 121 педагог сабақ береді.

Білім ордасының кадрлық әлеуеті тұрақты. Барлық мұғалімдер конкурстық негізде қабылданған, олардың арасында жоғары санатты педагогтардың үлесі басым. Атап айтқанда, мектепте 2 шебер-педагог, 25 педагог-зерттеуші және 26 педагог-сарапшы еңбек етеді», – дейді мектеп директоры Эльмира Ілиясова.

Мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда 1-8 сыныптарда оқитын 50 оқушыға педагог ассистенттер, логопедтер, психологтар, әлеуметтік педагогтар мен дефектологтар кешенді қолдау көрсетіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды