2 августа 2022 г. 14:55

Кейбір пойыздардың нөмірі мен қатынау бағыты өзгерді

Фото:

«Жолаушылар тасымалы» АҚ кейбір жолаушылар пойыздарының нөмірлері мен қатынау бағыттарының өзгергені туралы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан - Шымкент бағыты бойынша:

- 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент пойызы;

-  2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы тағайындалады.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №71/72 пойыздың Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент бағытындағы қатынасы өзгереді.

Атырау - Алматы бағыты бойынша:

- 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 Атырау - Алматы-2 коммерциялық пойызы;

- 3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 Алматы-2 - Атырау пойызы күн сайын қатынау жиілігімен тағайындалады.

Басқа бағыттар бойынша:

- 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап №10/9 пойыздың Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1 бағытындағы қатынасы өзгереді;

- 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап №73/74 Алматы-2 – Жезқазған жедел пойызы құрамында Тальго вагондары (стандартты вагондардың орнына) күнара жиілігімен жүреді;

- 2022 жылдың 3 қыркүйегінен бастап №69/70 Алматы-2 - Өскемен-1 Тальго коммерциялық пойызының жүрісі тоқтатылады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды. 

Тегтер: